Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері 33 жастағы мас жүргізушіні анықтады

Екібастұз полицейлері 33 жастағы мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне кешкі сағат 18.15-те “көлікті жүргізіп келе жатқан жүргізуші мас” деген хабарлама келіп түсті.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Audi А4 көлігінің тұрған жерін анықтады, оның рөлінде 33 жастағы қала тұрғыны болған. Жүргізушіден алкогольдің иісі шықты.

– Жүргізушіге медициналық куәландырудан өту ұсынылды, оның қорытындысына сәйкес ол “орташа дәрежеде“ мас болған, – деп хабарлады Екібастұз қаласының патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.

Бұл азаматтың 2021 жылдың 21 шілдесінде жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Полицейлер бұл фактіні тіркеді, тексеру жүргізілуде, көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші қандай жаза алатынын сот шешеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру