Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық криминалист өз мамандығының қыр-сыры туралы әңгімеледі

Елордалық полицияның криминалисі өз мамандығының қыр-сыры туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-криминалистикалық басқарманың аға криминалисі Сұңғат Жаншуақов 2010 жылы ІІМ-нің Алматы академиясын бітіргеннен кейін елордалық полицияға жұмысқа орналасты. Өз қызмет жолын аудандық полиция басқармасында криминалист лауазымынан бастады.

Бүгінгі таңда криминалист С. Жаншуақов – өз ісінің маманы, атыс қаруын зерттеуде жоғары шеберлікке қол жеткізді.

Сот-медициналық техниканы дұрыс қолданудың арқасында ол көптеген қылмысты ашты. Криминалистің есінде ерекше қалып қойған қылмыстардың бірі –  Астана қаласында болған қасақана кісі өлтіру фактісі.

2017 жылдың тамызында Өндіріс көшесінен такси жүргізушісінің денесі табылды. Оқиға болған орында қылмыскер із қалдырмай, дәлелдерді жасыруға тырысып, саусақ іздерін мұқият өшірген. Дегенмен қысылтаяң жағдайда тіпті ең сақ деген адамның өзі әбігерге түсіп, қателік жіберуі мүмкін.

Бұл іздерді зерделеу және тексеру кезінде оларды тек Астанада ғана емес, бүкіл ел бойынша анықтау мүмкін болмады. Табылмаған саусақ іздері жақын және алыс шет елдерге жіберілді. Қылмыс 2022 жылы Беларусь Республикасынан ақпарат келіп түскен кезде белгілі болды. 

Беларусь елінің бір өңірінде Қазақстан Республикасының азаматы бұзақылық жасады. Оның саусақ іздері бұрын 2017 жылы жіберілген үлгілермен сәйкес келді. Нәтижесінде шамамен 5 жылдан кейін қылмыскер анықталып, сотталды.

Осылайша криминалист Саят Жаншуақов күдіктінің саусақ іздерін анықтап қылмысты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру