Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция үш күн ішінде 16 мас жүргізушіні жауапқа тартты

СҚО-да полиция қызметкерлері үш күн ішінде 16 мас жүргізушіні жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. 15-17 наурыз аралығында тәртіп сақшылары 2238 есепке алынған адамды тексерді, бұл ретте шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 12 бұзушылық және отбасылық жанжалқойлар тарапынан 13 бұзушылық анықталды, олардың мінез-құлқына соттар ерекше талаптар қойды.

ЖПІШ негізгі міндеттерінің бірі-қоғамдық қауіпсіздікті нығайту. Ішімдік ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін полиция қызметкерлері 222 адамды жауапқа тартты. Ювеналды полицейлердің рейдтері жасөспірімдердің түнде жүруінің 81 фактісін анықтады. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 45 фактісі, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының 40 жағдайы анықталды.

– “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ кең ауқымды міндеттерді қамтиды. Атап айтқанда, қараусыз қалған үйлер, саяжайлар, жалдамалы пәтерлер тексерілді. Жұмыстың ерекше бағыты жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту болды. 3 күн ішінде облыс жолдарында 16 мас жүргізуші тоқтатылды, оның біреуі есірткінің әсерінде болды. Сонымен қатар 122 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін, 5 — қарсы жолаққа шыққаны үшін, 23 — жаяу жүргіншілер өткелінің жүру ережелерін бұзғаны үшін тартылды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Барлық осы бұзушылық апатқа тікелей әсер етеді. Тәртіп сақшылары қозғалыстың барлық қатысушысынан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Облыста ЖПІШ кезеңінде барлығы 1252 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру