Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер Абай күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Абай күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз еліміздің мерекелік күнтізбесіне Абай күні болып бекітілді. Мерейлі мереке аясында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұлы ақынның 177 жылдығына арналған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

Департаментте Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын “Тұлғаға тағзым” атты кітап көрмесі қойылды. Көрме барысында жас қызметкерлер ғұлама ақынның, абайтанушылардың, зерттеушілердің еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ Департаменттің ведомстволық музей басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Шынар Уайсова жеке құрам арасында Абай Құнанбайұлының өмірін насихаттау, ақынның шығармашылығы арқылы мақтаныш сезімін, патриоттық рухты тәрбиелеу бойынша дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – Ұлы Абай мұрасының қазақ руханиятында алар орны, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы мен оның құндылығы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі жөнінде кеңінен ақпарат беру, сол арқылы тәртіп сақшыларының патриоттық сезімдері мен ерік-жігерін нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру