Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер велосипед ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады

Полицияға велосипед ұрлау фактісі бойынша елорданың бірнеше тұрғынынан жазбаша арыз түсті. “Есіл” аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 23 және 26 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда түзу жолға түспей, қылмыстық әрекеттерін жалғастыра берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта олардың елорда аумағында ұрлықтың сегіз эпизодына қатысы бар екені анықталды.

7 тамыз күні “Есіл” ауданы ПБ кезекші бөліміне бір күнде Ақмешіт, Сауран және Алматы көшелеріндегі көпқабатты үйлердің тұрғындарынан төрт арыз келіп түскен. Ұрлықтың әдісі барлық жағдайда бірдей болған.

Қаскүнемдер кешкі уақытта тұрғын үйлердің кіреберістеріне кіріп, әртүрлі маркалы екі дөңгелекті көліктердің сымарқандарын кесіп алып шыққан.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта олар тергеу изоляторында. Жігіттер кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру