Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция қызметкерлері пәтер ұрысын қолға түсірді

Елордалық полиция қызметкерлері пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел- іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 32 жастағы ер адамды анықтады. Тергеу барысында елорда тұрғыны таңертеңгі уақытта Серкебаев көшесіндегі көп қабатты үйге кіріп, есіктің құлыпталмағандығын пайдаланып, пәтердің кіреберісінен Samsung S21, Redmi not 10c телефондарын және үй иесінің банк карточкасы мен жеке құжаттары бар әмиянды алып шыққаны анықталды.

 Кейін ол жәбірленушінің картасынан 7500 теңгеге өзіне қажетті зааттар сатып алып, қалған соманы қолма-қол ақшаға айналдырған. Келтірілген шығын – 330 мың теңге. Алайда ер адамның әрекеті камераларға түсіп қалған.

Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалып, мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру