Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облыстық ПД-ның бастығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Жетісу облыстық ПД-ның бастығы қызметтік борыштарын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Жетісу ПД-ның бастығы Арман Саданов қаза тапқан полицейлердің отбасыларына барды. Тәртіп сақшылары Аяз атамен бірге қызметтік борыштарын атқару кезінде қаза тапқан арнайы жасақ қызметкері Ержан Ахметов пен жедел уәкіл Азамат Мұртбаевтың отбасыларын келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Өз өмірлерін құрбан ете отырып, олар өз Отанына және қызметтік борышына адалдықтарын дәлелдеді. Олардың ерліктері бәрімізге, яғни полицияға үлгі. Бейбіт халықты қорғау үшін қаза тапқан әрбір қызметкер туралы жарқын естелік таусылмайды және әрқашан жадымызда, бізбен бірге өмір сүретін болады, – деп атап өтті Арман Саданов.

Ертегідегі кейіпкер Аяз ата мен полиция қызметкерлері қайтыс болған қызметкерлердің әйелдері мен балаларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына сыйлықтар мен тәттілер табыстады.

Арман Саданов қаза тапқан офицерлерді еске алып, батырлардың балалары әкелердің батыл әрекеттерімен мақтана алатынын және сол атқа лайық болу қажеттілігін айтып, үлгілі тәрбие мен озат оқулары осының дәлелі екенің қорытындылады. Арнайы жасақ қызметкері Ержан Ахметовтың үлкен ұлы Азамат Боранбаев өзінің қаһарман әкесінің жолын қуып, өмірін полициямен байланыстыруға шешім қабылдағанын атап өткен жөн. Тәртіп сақшылары Жас жігіттің полиция қатарына қосылу талпынысын барынша қолдап, түсіністікпен қарап, көмек беруге уәде берді.

– Полиция қызметі қызметкерлерге қауіп төнетін, жарақат алатын, денсаулығын жоғалтатын және кейде өз өмірін құрбан ететін санаулы қызметтердің бірі. Ардагерлер кеңесі, облыстық департамент, аудандық полиция бөлімшелерінің басшылығы қаза тапқан әріптестерінің отбасыларын ұмытпайды, оларға жүйелі түрде барып, моральдік және материалдық қолдау көрсетіп тұрады, – деп толықтырды А.Саданов.

Естеріңізге сала кетейік, Ержан Ахметов 2013 жылдың маусым айында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан. ҚР Президентінің Жарлығымен II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталған. Азамат Мұртбаев 2016 жылдың маусым айында қауіпті қылмыскердің қолынан қаза тауып, қайтыс болғаннан кейін “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру