Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық қонақ үйде танысымен кездескен әйел телефонсыз қалған

Елордалық қонақ үйде танысымен кездескен әйел телефонсыз қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға телефон ұрлау фактісі бойынша елорда тұрғыны жүгінген.

Әйелдің айтуынша, ол танысын кезіктіріп қалған, содан кейін олар әрі қарай уақыт өткізу үшін Гете көшесіндегі қонақ үйлердің біріне барған. Кейінірек олардың бөлмелеріне әкімші келіп, нөмірді босатуды өтінген. Осы кезде күдікті жәбірленушінің Redmi телефонын алып шығып, әйелге оны далада күтемін деген. Әйел сыртқа шыққанда, оның танысы болмаған, ал телефон өшірулі болған.

Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 39 жастағы азаматты анықтады.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Телефон тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру