Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорданың шекара маңы тікұшақпен бақыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елорда төңірегін тікұшақпен бақылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үкімет мүшелерінің құрамында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Төтенше жағдайлар және Су ресурстары комитеттерінің, “Қазгидромет” РМК өкілдері де болды.

Көктемгі жағдайға мониторинг жүргізуді көздеген топ су таситын кезеңде табиғи апаттың алдын алып, қауіп-қатерді болдырмас үшін тиісті шараларды қазірден қолға алып отыр.

Қосшы, Ильинка, Қажымұқан, Талапкер, Қоянды, Новомарковка елді мекендерінің аумақтарына, Вячеслав су қоймасы мен Нұра өзенінің арнасы бойынша Преображенск су торабына аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Биыл қыс мезгілінде қар жылдағы нормадан үш есе артық түссе де, аумақтың көп бөлігінде еру процесі тұрақты жүріп жатқанын көрсетті. Артық жайылып жатқан су жоқ. Осы тікұшақпен барлау жұмысының өзі Вячеслав су қоймасы мен Астаналық су реттегіште су ағынын алдын ала есептеуге мүмкіндік берді.

Жерден тәулік бойы және жер серігінің көмегімен де қашықтықтан зондтау арқылы мониторинг жүргізіледі.

Жалпы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жазық өзендерде тұрақты мұз қату байқалады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының өзендерінде кептелістің алдын алу үшін мұз жару жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі күні сондай 21 процесс орындалды.

Гидротехникалық құрылыстардан апаттық төгінділерді болдырмау үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының су қоймаларында бос орындар дайындалып жатыр.

Жекелеген өңірлерде су тасқынына қатысты қауіп күшейген жағдайда қосымша күш жіберу үшін азаматтық қорғау органдарынан резервтік топтар тартылады.

Ішкі істер органдарынан 9 мыңнан астам адам мен 1730 бірлік техникадан тұратын арнайы топтар да құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру