Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемесіндегі көрісу

Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ қызметкерлері көрісу күні-амал мерекесін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрісу-тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мейрамы ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.
Мейрам қарсаңында, ШҚО Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан ОВ-156/21 мекемесінде мекеме ардагерлері ежелден ұмыт қалған көрісу мейрамын жаңадан жаңғырту мақсатында, мейрамның имандылыққа, жақсылыққа негізделгендігін жас қызметкерлерге үлгі өнеге ретінде көрсетіп, мейрамды бастап кетті.

Таңертең жұмысқа келісімен мекемеменің ардагер үлкендері мекеме қызметкерлерін есіктен қарсы алып, сәлем беріп, «Жасың құтты болсын!» деп тілектерін айтып, құшақтасып көрісті. Мекеменің мәжіліс залы қазақтың ежелгі салт-дәстүріне сай безендірілді. Үлкен дастархан жайылып, ұлттық тағамдар қойылды және мекеме ардагерлері мен қызметкерлер дастархан басында жиналып, бір-біріне боранды қыстан аман шығып, қауышқандарына ризалықтары мен тілектерін білдіріп жатты. Мерекенің көркін мекеме басшысы Ж.С.Алтаев құттықтау сөздерімен әрлеп, келген қонақтар мен мекеме қызметкерлерін құттықтап, алғашқы ізгі тілегін білдірді.

Іс-шараның мақсаты мекеменің жастарына қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі көрісу күнінің немесе амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру, ұлттық дәстүр туралы білімдерін одан әрі дамыту және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру