Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған азаматтар назардан тыс қалмады

Маңғыстау облысында учаскелік полиция инспекторының бақылауында азаматтарға тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғау жүйесінің жоғары буындарының учаскелік қызметі еш қиындықсыз мүмкін болмас еді. Олардың қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес ісіне қосқан үлесін асыра бағалау қиын. Осыған қарамастан, қатардағы азаматтар учаскелік инспекторлардың жұмысы туралы аз біледі.

Учаскелік инспектордың міндетіне әкімшілік учаскені алдын ала тексеру жүргізу, азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау, есепте тұрған азаматтармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу, атқарылған жұмыс туралы халық алдында есеп беру және басқа да қызмет түрлері кіреді.

Мәселен, учаскелік полиция қызметкерлері Ақтау қаласы бойынша алдын алу есебінде тұрған 251-ден астам адамды тұрақты түрде тексеріп жатыр.

Мақсаты-бұрын сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, оларға қатысты ішкі істер органдары қылмыс жасауды азайтуға бағытталған жұмыстар жүзеге асырады. Ол үшін учаскелік инспекторлар есепте тұратындарды тұрғылықты жері бойынша тексереді. “Қамқоршылардың” әр сапары әр түрлі. Кейбіреулер қойылған сұрақтарға тыныш жауап береді, өздері әңгімелесуге белсенді қатысады. Ал жағымсыз өмір салтын ұстанған, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын және сотпен қойылған шектеу мен міндеттерді орындамайтын тұлғалар, әрине, бұл тәртіп сақшылардың келгендеріне қуанбайды.

Мәселен, 4 шағын ауданының учаскелік полиция инспекторының бақылауы мен жүргізген
профилактикалық жұмыстарының арқасында түзеу мекемесінен босап келген тұлғалар алкогольдік ішімдік ішуін және отбасы тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасауын қойып, бірі техникалық қызмет көрсету станциясына, бірі электр станциясына электрик болып жұмысқа орналасты.

“Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны өтеуші адам сот белгілеген шектеулерді сақтауға міндетті! Егер мұндай шектеулер сақталмаған болса, онда учаскелік полиция уәкілдері қылмыстық жазаны жүзеге асыратын органдарға сотталған адамға жазалау шарасын өзгерту туралы өтініш хатпен шығады” – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық баспасөз қызметі.

Кімде бұзушылық болса, оған ескерту беріледі. Қайталанған фактілер болған жағдайда— қоғамнан оқшаулаусыз жаза неғұрлым қатаң болады. Инспекторлар сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, оларды деректер базасы бойынша тексереді. Қажет болған жағдайда кеңес береді және көмек көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру