Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

313 ақтөбелік жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысында жыл басынан бастап 2 ай ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 17 жұмыс беруші мен 313 ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылда 2 ай ішінде аймақта 6 мыңнан астам шетел азаматтары тіркелген, оның ішінде – ТМД елдерінен 5,7 мың адам болса, шет мемлекеттерден 300 адам.

Еңбек иммигранттарын заңдастыру мақсатында көші – қон қызметі басқармасынан 1410 рұқсат берілді, ал мемлекет кірісіне 21 млн теңге түсті.

Шетелдік күштерді тарту ережелерін бұзғаны үшін Ақтөбе облысының 17 жұмыс беруші және қабылдаушы тарап болып сөз сөйлеген 313 ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші- қон қызметінің бөлімшелерімен 2,1 млн.теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды және 2,1 млн. теңге өндіріп алынды. Ол 97,7%-ды құрайды. Жалпы 177 қарызгер/жауапкердің ішінен 43 азаматтың орналасқан жері анықталды, бұл 24,3% құрайды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру