Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен теледидар алып қашқан екеу

Қостанай облысы Рудный қаласының ПБ полиция қызметкерлері тұрмыстық техника дүкенінен теледидар ұрлауға әрекеттенген екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 наурыз күні сағат 12:00-де дүкен ғимаратының артында екі қаскүнем тауарды қабылдау кезінде күзеттің болмауын пайдаланып, жалпы сомасы 300 мың теңгеден асатын екі теледидарды ұрлап кеткен. Ұрланған техникамен бірге ұрылар оқиға орнынан қашып кетпек болды. Осы уақытта учаскелік полиция инспекторы Арман Сатыбалдин Володарский көшесінің бойымен жүріп өтіп, жүгіруші жігіттерді, соңынан қуған дүкен қызметкерінің ізін көрген.

“Сбербанктің” жанынан өтіп бара жатқанда екі жігітті көрдім, жай қашып бара жатпағандықтарын бірден түсіндім, өйткені оларды ер адам арттарынан қуып келеді.Бірден арттарынан қуып, біреуіне жетіп, ұстадым. Екінші адам қашып кетті. Осы уақытта учаскелік инспекторлар жетіп үлгерді,өйткені оларға мен қашқынның артынан қуа жөнелгенде қоңырау шалып үлгердім “, – деді учаскелік полиция қызметкері.

Келген қызметкерлер Ерлан Абдульманов пен Нұрмұхан Бектанов жасырынған екінші қаскүнемді анықтады. Ұсталған ер азаматтар бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған 32 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

Ұрланған теледидарлар дүкенге қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дүкен әкімшілігі полицейлердің жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру