Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған сотталғандарға тексеріс жүріп жатыр

Шартты” атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Шартты” жедел алдын-алу іс шараларын өткізу кезінде ПҚБ қызметкерлері жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе есепте тұрған сотталғандарды мекен-жайы, демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақыт аралығында тексеріс жүргізіп жатыр.


Өткізілген іс-шаралар барысында Солжағалау аудандық ПҚБ қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар аз емес.Мысалы бас бостандығынан шектеу жазасының тәртібін бұзған сотталған Н-қа қатысты 2020 жылдың маусым айының 12 жұлдызында Өскемен қаласының №2 сотының қаулысымен қайталама қылмысқа жол бергендігі үшін бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылса, сотталған Т- қа қатысты осы күнгі Өскемен қаласының сот қаулысы жаза өтеу кезінде ешқандай жаза өтеу тәртібін бұзбағандығының арқасында бас бостандығынан шектеу жазасының мерзімінен бұрын босатылды. 2020 жылы сотталғандар арасында қайталама қылмыс жасағандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда екі есеге азайтылған.


Осы өткізіліп жатқан іс-шараның мақсаты – сотталғандар тарапынан құқық бұзушылық пен қайталама қылмысты болдырмау және олардың алдын алу және сотталғандарды оң жолға бағыттау болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру