Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатушысын құрықтау үшін полицейлер есірткі сатып алған

Оралдық полицейлер “есірткі сатып алушы” ретінде әрекет етіп, марихуана сатушысын құрықтады. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

Полиция қызметкері сатып алушы ретінде әрекет етіп, күдіктімен ұялы телефон арқылы алдын ала байланысқа шықты. Есірткі сатушысы оған сіріңке қорабына салынған кептірілген марихуананы 10 мың теңгеге сатқан.

Сондай-ақ, тексеру барысында 42 жастағы ер адамның күртешесінің астарында жасыл түсті зат салынған фольга табылды.

Сараптама бұл заттың марихуана екенін растады.

Күдіктіні ұстағаннан кейін полиция оның пәтеріне тінту жүргізді. Жатын бөлмедегі кереует пен терезе арасындағы еденнен қызметкерлер сіріңке қорабын тапты. Ішінде жасыл түсті өсімдік тектес зат болды.

Сараптама қорытындысына сәйкес табылған зат үш граммға жуық кептірілген марихуана болып шықты.

Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру