Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жасақ бастығына пара ұсынған жазасын өтеуші ұсталды

Жамбыл облысында жасақ бастығына пара ұсынған жазасын өтеуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда өңірлік ҚАЖ департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізген жұмыстарының нәтижесінде сотталған азаматтың түрме қызметкеріне пара беру дерегі анықталды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу жасағының бастығы Жансерік Бейсенбековке 10 мың теңге көлемінде пара ұсынып жатқан жерінде қолға түсті.

33 жастағы бас бостандығынан айырылған азамат сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған ұялы телефонды кіргізуге рұқсат етуі үшін осындай қадамға барған. Ол ақшаның қалған бөлігін “Kaspi Gold” арқылы аударатынын жеткізген. Қазіргі таңда оқиға бойынша ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (Пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, Жамбылда бұған дейін пробация қызметкерлеріне пара ұсыну деректері әшкере болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру