Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен әккі ұры ұсталды

Төлебилік полицейлер тұрғынның үйіне заңсыз кірген әккі ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-не зейнеткер жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші ер адамның айтуынша белгісіз біреу оның үйіне сағат 17:30 шамасында заңсыз кіріп, қасақана пайдақорлық ниетпен ас бөлмедегі тоңазытқыштың үстінде тұрған әмиянның ішінен 200 мың теңгесін жымқырған. Сонымен қатар алтын бұйымдарын, қолсағат пен сырт киімдерін ұрлаған. Содан бірден полицейлерге хабарласады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеге жуық.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Төлеби АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдікітіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камералары қаралды. Оқиға орны мұқият тексерілді.

Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген тыңғылықты іздестіру жұмыстары барысында ақпарат көздері арқылы күдікті азамат өзінің үйінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Бас шарасы қамауда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтау керектігін ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру