Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде

Қызылордалық полицейлер “Ата-ана-Жасөспірім-Көше” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстар  мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 2020 жылдың 26-28 қарашасы аралығында облыс көлемінде “Ата-ана-Жасөспірім-Көше” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы топтық төбелес, суық қару тасымалдау, бопсалау сияқты қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын барынша жандандыру болып табылады.

Сондай-ақ іс-шара барысында ата-аналарды, мұғалімдерді, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, еріктілерді тарта отырып, кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру