Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ескерту жасаған: Қарағандыда екі қыз 39 жастағы әйелді соққыға жықты

Қарағандыда екі қыз 39 жастағы әйелді соққыға жықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйек күні сағат 01.30 шамасында Қарағанды ​​қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне көпқабатты үйдің кіреберістерінің бірінде жанжал болып жатыр деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері соққыға жығылған әйелден жауап алды. Мезгілдің кеш болғанына қарамастан, екі бойжеткен подъезде шу шығарып, елдің мазасын алғаны белгілі болды. 39 жастағы әйел пәтерден шығып, оларға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде қыздар оны ұрып-соғып, қашып кеткен. Түрлі дене жарақаттарымен зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды.

Полицейлер күдіктілерді анықтап, 21 және 22 жастағы екі қызды қамауға алды. Олар кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру