Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ескі үлгідегі “Mercedes” көліктерін 50 жастағы Алматы тұрғыны ұрлап жүрген

Ескі үлгідегі “Mercedes” көліктерін 50 жастағы Алматы тұрғыны ұрлап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын біреудің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған 1970 жылы туған У.есімді азамат, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны 32 жастағы Т.есімді азаматпен бірге жүзеге асырып жүргендігі жедел-іздестіру әдісімен анықталды.

– Негізгі жұмыстарды У.азаматтың өзі жасаған: ол бөтен адамдардың автокөліктерін ұрлап, сыбайласының үйіне әкелген және сол жерде ұрланған мүлікті одан әрі не істейтінін шешкен. Бүгінгі күні олардың, қаланың әр түкпірінде болған бес бөтен көлікті ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды. Екі жағдайда, айыпталушылар, көліктің құжаттары жоғалып кетті және көп ұзамай қалпына келтіреміз деп, көлікті алаяқтық жолмен сата алған. Басқа эпизодтарда ұрланған көліктер бөлшектелініп, қосалқы бөлшектерге сатылып кеткен. Іске қатысқан басты адам “Көкжиек” шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласынан “Mercedes” көлігі ұрланғаннан кейін бірнеше минут өткен соң, ұсталды. Оның қарсыласуға уақыты болмады, дегенмен, кейінірек белгілі болғандай, ол пышақпен қаруланған. Іс бойынша барлық заттай айғақтарды тергеу-жедел тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Күдіктілер қамауға алынды. Қазір олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

– Сонымен қатар, қылмыстық іс материалдарына У.есімді азаматтың бөтен адамдардың көліктерін ашып, ұрлауына қажет болған заттар да тіркелді. Бұл пульт және басты кілттер, – деп қорытындылады полковник Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру