Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де қызметтегі этикалық аспектілер мәселелері талқыланды

ІІМ-де “Азаптауға қарсы іс-қимыл: осы санаттағы қылмыстардың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері“ тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында адам құқықтары саласындағы мәселелер талқыланды: азаптауға қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу және ІІО қызметіндегі этикалық аспектілер.

Іс-шараға ІІМ басшылығы мен жеке құрамы, Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысты.

– Азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелері ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Министрдің тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі кезеңде, қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауларға және тергеу мен анықтаудың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Азаматтардың құқықтарын мүлтіксіз сақтау біз үшін басым міндеттердің бірі.  Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін іс-шаралар кешені өткізіледі.  Атап айтқанда, үздіксіз бейнебақылау енгізілді, – деп хабарлады ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов.

Оның мәліметінше, полиция ғимараттары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде “соқыр” аймақтарды ескере отырып, 42 мыңнан астам камера орнатылған. Биыл ҚАЖ-ның тағы 26 мекемесін қамту, 20 мыңға жуық камера орнату жоспарда бар.

– Камера орнатумен ғана шектелмейміз. Біз бейнекамераларды міндетті түрде талап ете отырып, жергілікті жерлерде бейнекамераларды тексеруді өзіміз жүргіземіз. Олар болмаған жағдайда, камералар болған кезде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі көзделген. ІІМ-де азаптаудың алдын алудың қосымша тетіктері ретінде жауап алу үшін “ашық кабинеттер” және жеткізілгендерді электрондық есепке алу қызмет етеді, – деп толықтырды Саданов.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында “Азаптаудың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық мәселелері” академиясы әзірлеген ғылыми зерттеу нәтижелері мен әдістемелік ұсынымдардың тұсаукесері талқыланды.

Бұл – ұйымдық және кадрлық шешімдер қабылдау призмасы арқылы азаптаудың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруда әдіснамалық көмек көрсетуге бағытталған алғашқы ғылыми-практикалық материал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру