Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының 2023-2024 жылдарға арналған спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес биылғы наурыз айында шахмат пен дойбыдан жеке командалық біріншілік өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарысқа Бас қолбасшылықтың басқармалары мен қызметтерінен, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінен барлығы 17 адам қатысты. Спартакиададан тыс Бас қолбасшылық әскери қызметшілерінің балалары арасында да жеке лига ойындары өткізілді. Бұл – биылғы біріншіліктің айрықша ерекшелігі.

Жарыс әскери қызметшілер арасында шахматты насихаттау, әскери ортада осы спорт түрін дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жалпы командалық есепте шахматтан автоматтандыру басқармасының командасы жеңіске жетті. Ал екінші орынды мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы мен мемлекеттік маңызды объектілерді қорғау бөлімінің шахматшылары иеленді. Авиация басқармасы мен техника және қару-жарақ басқармасынан құралған спортшылар үштікті түйіндеді.

Шахматтан жекелей біріншілікте әскери медицина басқармасының қызметшісі Саябек Септегенов жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды авиация басқармасының ұшу қауіпсіздігі қызметінің аға офицері Ақтай Құзбақов иеленді. Ал үшінші орын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бақылау және қадағалау ұйымдары бөлімінің бастығы Нариман Ибрагимовке бұйырды.

Дойбыдан жеке біріншілікте бюдже-қаржы басқармасының аға офицері Аслан Оспанов жеңіске жетсе, екінші орынға ақпараттық-техникалық орталығы техникалық қызмет көрсету тобының аға маманы Ибырайым Шайхұлы тұрақтады. Жеңімпаздар үштігін арнайы зерттеу қызметінің маманы (техник) қатардағы Нұртас Әлібеков түйіндеді.

Шахматтан әскери қызметшілердің балалары арасында бірінші орынды Аман Ералы, екінші орынды Дамир Айтходжаев, ал үшінші орынды Сұлтан Тілеген иеленді. Дойбыдан өткен біріншілікте Еркежан Еркебұланқызы жеңіске жетті, екінші орынды Қадірбек Әділхан иеленді, сондай-ақ көшбасшылар үштігіне Мансұр Мақашев ілікті.

Жеңіске деген ерік-жігері үшін” номинациясында Бексұлтан Дүйсенбай, ал “Біріншіліктің ең кішкентай спортшысы” номинациямен Ақсұлтан Сабыржан марапатталды.

Жүлдегерлерді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан кадрлар және әскери білім басқармасының бастығы Нұрбол Міртаев құттықтады. Сондай-ақ жеңіс тұғырынан көрінгендерді ауыспалы кубокпен, дипломдармен және грамоталармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру