Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ еңбек көші-қоны және босқындар мәселелерін бермекші

ІІМ еңбек көші-қоны және босқындар мәселелерін бермекші, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде еңбек көші-қоны жаһандық сипатқа ие және ел дамуының экономикалық және әлеуметтік деңгейімен тікелей байланысты екенін бірнеше рет атап өтті.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процестерін реттеуге және еңбек көші-қонына байланысты көші-қон саласындағы функциялардың үштен бірінен астамы беріледі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» тиісті Жарлыққа ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ ведомствоаралық үйлестірумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, босқын мәртебесін берумен, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен айналыспайды.

Өзгерістер құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату шеңберінде енгізіледі.

Көші-қон саласындағы функцияларды азаматтық ведомствоға беру көші-қон заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, Ішкі істер министрлігі Көші-қон саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үшін біздің ел қабылдаған бағытты толығымен ұстанады.

Заңсыз көші-қонның, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктер ІІМ қарамағында қалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру