Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан заңсыз сақталған қару тапты

СҚО полицейлері ауыл тұрғындарынан заңсыз сақталған қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қару иелерін тексерген кезде Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз қару сақтау фактісін анықтады. Аңшылардың бірінен сейфінде екі тіркелген қарумен бірге 12 калибрлі МЦ-2112 тегіс ұңғылы қару табылды. 32 жастағы ер адам қаруды туысынан алғанын және тіркеу уақытын созып алғандығын түсіндірді. Қару алынып, сараптамаға жіберілді, қару иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Қызылжар ауданында аула бойы тексеру кезінде тұрғындардың бірінен 12 калибрлі ИЖ-58 қаруы табылды.

– Қару иесі 66 жастағы ауыл тұрғыны, аңшы болып табылмайды, қаруды қол жетімді жерде ұстаған. Басқаша айтқанда, оны еш қиындықсыз ұрлануы және алдағы уақытта қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін еді. Атап айтқанда, осындай сценарийлердің алдын алу — аула бойы тексеру кезінде учаскелік полиция инспекторлары шешетін маңызды міндеттердің бірі. Қару иесі ҚР ӘҚтК 482-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Екі факті де “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды, – дейді аудандық ПБ бастығы Әлихан Байқадамов. 

Полицейлер облыс тұрғындарына тіркелмеген қаруды сақтау заңға қайшы екендігін естеріне салады. Қаруды ерікті түрде тапсыру — адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаған жағдайда  жауапкершіліктен босатады. Барлығы алты айда СҚО-да тәртіп сақшылары заңсыз сақталған 73 бірлік атыс қаруын тәркіледі, оның төртеуі — ойық ұңғылы қару, оны сақтағыны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру