Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тәртіп сақшылары дүкендегі сейфтен ақша ұрлағандарды ұстады

Бұрын жасалған қылмыстардың ашылуы ақмолалық полицейлерінің тұрақты бақылауында, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселен, “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында криминалдық полиция құрылымдарының қызметкерлері Бурабай ауданының 57 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.

Белгісіз біреулер Щучинск қаласының дүкенінде орналасқан сейфтен терезені бұзу арқылы жалпы сомасы бір миллион 500 мың теңгеден астам ақша қаражаты мен тауарларды ұрлап кеткен. ҚР ҚК 188-бабы бойынша дереу сотқа дейінгі тергеу басталды. Қатысушыны ізін суытпай анықтау мүмкін болмады, бірақ шабуылдаушыны іздеу жұмыстары осы уақыт ішінде тоқтаған жоқ.

Нәтижесінде полиция шабуылдаушының жеке басын анықтады. Ол Щучинск қаласының 48 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған ұқсас тынымсыз жедел жұмыс барысында құны 80 000 теңге болатын Көкшетау жол дистанциясы ҚТЖ ҰК АҚ тиесілі панельді қоршаулардың төрт торының ұрлануы ашылды.
Полицейлер қаскүнемді ұстады. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Жалпы, 2021 жылдың басынан бері ақмолалық полицейлер “өткен жылдар” санатындағы 205 қылмысты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру