Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылғанына 50 жыл толды

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының құрылғанына 50 жыл толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу орнының қалыптасу тарихы 1971 жылғы 1 қарашада кіші және орта басшы құрамды даярлайтын Қостанай облысаралық мектептен басталды. Өзінің дамуы барысында оқу орны колледж, жоғары мектеп, заң институты, Академия деген кезеңдерден өтті. Осы кезеңдерден Академия болып қалыптасуына үлестерін қосқан ардагерлер келді.

Қонақтар ең алдымен Шырақбек Қабылбаев ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Оқу орнының жаңадан ашылған оқу-материалдық базалар “Тыйым салынған аймақ”, “ҚАЖ мекемесі”, “Полиция бөлімі” сияқты полигон кешендері, дәріс залдары көрсетіліп, Тұңғыш Президент атындағы дәріс залында Академияның бұрынғы басшыларымен тікелей байланыс орнап, құттықтаулар легі тыңдалды.

Сондай-ақ, 50 жылға арналған деректі фильм көрсетіліп, бірнеше ардагерлер марапатталды. Атап айтқанда, министр Е. Тұрғымбаевтың бұйрығымен “Еңбек ардагері” медалімен ІІМ ардагері отставкадағы полиция полковнигі Б. Мұқажанова, ҚР Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің грамотасымен отсавкадағы әділет полдполковнигі Б. Сұлтанов, отставкадағы полиция подполковнигі Ш. Жалмұхамедова, отставкадағы полиция полковнигі К. Исергепова, сондай-ақ “Шырақбек Қабылбаев” медалімен, “Академия 50 жыл” төсбелгісімен, алғыс хаттар және грамоталармен 15 тен аса ардагерлер марапатталды.

Мерейтой соңында қонақтарға мерекеге орай басылып шыққан жылнамалар жинағы табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру