Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей грек-рим күресінен республикалық турнирдің жүлдегері атанды

Павлодарлық полицей грек-рим күресінен республикалық турнирдің жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29-31 қазан аралығында Павлодар қаласында КСРО спорт шебері Қайролла Жанмурзинге арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті.

Турнирге Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Атырау және Павлодар қаласынан балуандар қатысты. Павлодар облысының Май ауданы атынан бұл турнирге кіші полиция сержанты Аян Толев қатысып, 72 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, бірінші жүлделі орынға ие болды.

Айта кетейік, 20 жастағы полиция қызметкері спортпен бала жасынан айналысады. Сержант Толев спорт жоғары шеберлік мектебін бітіргеннен кейін полицияға қызмет етуге келді. Ол бала кезінен полиция қызметкері болуды және халыққа пайда әкелуді армандаған, өйткені оның әкесі – отставкадағы полиция капитаны, бұрын Май аудандық полиция бөлімінде жұмыс істеген, ал қазір Ішкі істер органдарының құрметті зейнеткері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру