ІІМ ЦОН-дағы кезектің көбеюін түсіндірді
Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында ІІМ ақпараттық жүйесінің жаңартылуына байланысты «көлік құралын тіркеу» және «жүргізуші куәліктерін беру» қызметтерін көрсету уақыты ұзарды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ бөлімшелеріндегі кезектің саны артуына себепші болды.
Осыған байланысты 6 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп туындаған техникалық ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, бұдан соң қызмет көрсету қайта жалғасады.
Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚО-да штаттық режимде көрсетіледі.
ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.