Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары Маңғыстау еріктілерін марапаттады

Ішкі істер министрінің орынбасары Маңғыстау еріктілерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков ведомство басшысының тапсырмасымен Маңғыстау облысының еріктілерімен кездесті.

— Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еріктілер қозғалысының негізгі мақсаты адамдарды біріктіру, халыққа қызмет ету екенін атап өтті. Сіздер жас ұрпақ үшін жақсы үлгі және мақтанышсыздар, өңірдегі волонтерлікті дамытуға баға жетпес үлес қосып келесіздер. Сіздер – мемлекет пен қоғам арасындағы әділ Қазақстанды құру ісіндегі алтын көпірсіздер, – деп атап өтті полиция генерал-майоры.

Еріктілер үнемі полицейлермен бірлескен рейдтік іс-шараларға қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға, жоғалған адамдарды іздеуге, есірткі қылмысының алдын алуға атсалысып, өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша өткізілетін іс-шараларға өз үлестерін қосып жүр.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны және азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету бағытында атқарған мінсіз қызметтері үшін өңір еріктілері ІІМ мен ПД басшылығы атынан марапаттарға ие болды.

Бұдан бөлек, су тасқыны кезінде мұқтаж жандарға қол ұшын созған маңғыстаулықтар да назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру