Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Іздеудегі 16 қылмыскер ұсталды

Түркістан облысының полицейлері іздестірудегі 16 қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері “Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында іздестіріліп жатқан 16 қылмыскерді ұстады, олардың сегізі халықаралық іздеуде болды және бұрын хабар-ошарсыз кеткен сегіз адамның мекен-жайын анықтады. Іс-шараның негізгі мақсаты тергеу органдары мен соттан жасырынып жүрген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін іздестіріліп жатқан адамдарды іздестіру және ұстау, хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ танылмаған мәйіттердің жеке басын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Мәселен , “Іздестіру” жедел-профилактикалық шарасы барысында Төлеби АПБ криминалдық полиция қызметкерлері аудан аумағында 2016 жылдан бері есірткі заттарын тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады. Қылмыскер полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтауда.

Тағы бір іздестіріліп жатқан қылмыскерді Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері ұстады. Ол Өзбекстан Республикасының Ішкі істер органдары 2010 жылдан бері контрабанда үшін іздестіріп келген Қазақстан азаматы.

Сол күні Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері 2012 жылдан бастап Ресей Ішкі істер министрлігінің Забайкал округі бойынша басқармасы есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін іздестіріліп жатқан Қазақстанның басқа азаматын ұстады. Күдікті қолхатта.

Атап өтер жайт Түркістан облысы ПД полицейлері криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі және алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру