Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кастетпен ұсталған аралдық жазасын қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы өтеп жатыр

Жыл басынан бері Арал аудандық пробация қызметінің есебіне теріс қылық жасағаны үшін сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жазаға сотталған екі азамат алынған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда сотталғандардың біреуі  жазасын толық өтеп, пробация есебінен шығарылды. Ал екінші азамат күніне төрт сағаттан аудандық әкімдік белгілеген орындарды тазалаумен айналысады. Бұл азамат “кастет” деген металл затты қалтасына салып жүргені үшін жауапкершілікке тартылған. Кастет дегеніміз-соққы күшін ұлғайту үшін саусаққа киілетін тесіктері бар металл пластинка немесе дәнекерленген металл сақиналары бар суық қару түріне жататын зат.

– Мен өз ісіме өкінемін. Суық қару екенін біле тұра, өзіммен бірге алып жүрдім. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмын. Бұл маған үлкен сабақ болды, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру