Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда көлік жуу орталығының жұмысшысы клиенттің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

Кентауда көлік жуу орталығының жұмысшысы клиенттің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында белгісіз азамат көлік жуу бекетінен Toyota маркалы автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданған.

Аталған жайтты полицейлер ҚК 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастайды. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің көлігін заңсыз иемденіп кеткен ер адамды жол-көлік оқиғасына түскен жерінен анықтады.

Осылайша, Кентау ПБ полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Оны ПБ-ға жеткізді.

Күдікті жігіттің көлік жуу орталығында жұмыс жасайтыны анықталды. Ол көлік жууға келген адамның көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру