Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұз полицейлері зираттан шойын қоршауларды ұрлаған ер адамды ұстады

Екібастұз қаласының полицейлері зираттан шойын қоршауларды ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, ер адам ұрланған қоршауларды мұсылман зиратынан шығаруға тырысқан кезде ұсталған. Бүгінгі таңда ер адам осыған ұқсас үш фактіні жасады деп күдіктелуде. Шығын сомасы 1 миллион теңгеден асты.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Екібастұз қаласының УҰИ-на қамалды. Сондай-ақ күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру