Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер тұрғыннан ақша алған алаяқты ұстады

Кентаулық полицейлер “жұмысшы тауып беремін” деп, тұрғыннан ақша алған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалғанын айтып көрсеткен. Оның айтуынша, алыс танысы: “егер де 370 мың теңге берсең, Өзбекстан елінен екі жұмысшы әкеліп беремін” деп уәде еткен.

Содан арызданушы танысының есепшотына сұраған ақшасын салып жіберген. Алайда танысы не ақшасын бермей, не келісілген уәдесінде тұрмай қашып жүрген.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні жергілікті мекенжайынан ұстап басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүруде. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді. Тез пайда табуға үміттеніп, өз мүлкі мен ақшасын, сондай-ақ банктік шот кодтары мен басқа да жеке ақпаратты белгісіз адамдарға бермеңіздер. Егер де сіз, алаяқтықтың немесе басқа да осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға, “102” нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру