Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жылқы ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері жылқы ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда кешкі сағат 17:00 шамасында егістік алқапта жайылып жүрген бір бас жылқысын көруге барған кезінде, оның жоқтығын көрген. Содан алты күн бойы өз бетінше іздеген, таба алмаған соң полицейлердің көмегіне жүгінген.

Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 400 мың теңге. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Ақпарат алысымен Мақтаарал АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ мал таситын автокөліктерді және үй малын, базарларды тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасаған күдіктіні анықтады. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер жәбірленуші тұрғынға өз малын қайтарып берді. 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат Мақтаарал қаласында қойшы болып жұмыс жасап жүрген. Сол сәтте қараусыз жүрген бір бас жылқыны байқап, оңай жолмен ақша таппақ болған. Содан соң теріс ойын іске асыру мақсатында танысына хабарласып, “Газель” маркалы жүк көлігіне жылқыны салып, алып кеткен. Қолды қылған малын тез арада сату мақсатында Шымкент қаласының мал базарына алып барып, 375 мың теңгеге сатып жіберген. Ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалары мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру