Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Кезектен тыс пәтер алып беремін”: шымкенттік тұрғын 600 мың теңгесінен айырылды

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, 600 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 шілдесінде Қаратау АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша кезектен тыс пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, 600 000 теңгесін аляқтық жолмен иемденіп алғанын көреткен.

Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Ұсталған әйелдің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру