Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның пәтеріне ұрлыққа түскен ағайынды екеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның пәтеріне ұрлыққа түскен ағайынды екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз азамат үйіне ұрлыққа түсіп, жатын бөлмеде тұрған түрлі алтын бұйымдары мен 11 мың АҚШ доллары салынған сейфін ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 10 миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғындарды яғни ағайынды екеуді құрықтады. Оның біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай ағайынды екеу өз ара ақылдасып, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жәбірленушінің үйін бақылап, адамдардың жоқтығына көз жеткізген. Содан соң ауласындағы қоршаудан секіріп түсіп, үйдің терезесін бұзып, ішіне кірген. Жатын бөлмедегі сейфті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Қолды еткен затты ауыл сыртына барып ашып, ішіндегі түрлі алтын бұйымдар мен ақшаны алып, сейфті сол жерге лақтырып кеткен. Осылайша алтындарды үйлеріне жасырып, ақшаны жаратып жіберген. 
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Үйден шықсаңыз, тіпті аз уақытқа болсын кетсеңіз, сыртқы есіктері мен терезелерін сенімді жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен к үзет дабылын орнату қажет. Пәтер ұрлығы болған жағдайда жедел түрде “102” телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру