Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кинолог мамандар тараздық студенттерге экскурсия ұйымдастырды

Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттер үшін кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл орталықта қызметтік иттер есірткі, жарылғыш заттар мен қару-жарақ іздеу, із кесу, одорология сияқты кинологиялық қызметтің бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтеді.

Студенттерге қылмыскерлерді ұстау кезінде қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы туралы айтылды және төрт аяқты тәртіп сақшыларының командаларды қалай орындайтынын, жасырын заттарды қалай іздейтінін көрсетті.

Бава және Лоя атты қызметтік иттермен бірге есірткі іздеу дағдыларын көрсетті.

Кинологиялық орталықта студенттер иттермен ғана емес, сонымен қатар оларды үйретушілермен, кинолог-нұсқаушыларымен де танысты.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ де!” тақырыбында дәріс өтті.

– Мұндай кездесулердің мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, – деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру