Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткізу мақсатынсыз аса ірі көлемде есірткінің заңсыз айналымымен айналысу үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша осындай қылмыс түрі үшін басқа жаза көзделмеген. Бұл жауапкершілікті өткен жылдың күзінде 11 грамнан астам α-PvP есірткісімен полицейлермен ұсталған 31 жастағы петропавлдық арқалады.

Ер адам синтетикалық есірткіні арнайы жасырын орыннан алған. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды.

– Жыл басынан ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша 44 адам ұсталды. Оның ішіндегі төрт адамға осы баптың 4-бөлігі бойынша жаза берілді. Басқарма қызметкерлері медициналық емес жолдан бастап өткізу мақсатына дейінгі жасалатын есірткімен байланысты барлық қылмыс түрлерін анықтау және жолын кесу бойынша ұдайы негізде жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан есірткінің заңсыз айналымы саласында 68 қылмыс анықталды, оның 20-сы – өткізу деректері. Есірткі заттарын таратумен байланысты 98 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. Заңсыз айналымнан 22 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды, оның ішіндегі 800 грамнан астамы – синтетикалық есірткі, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру