Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кісі өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды

Алматы облысында полицейлер кісі өлімін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 28 маусымында сағат 18.20 шамасында Іле ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Жетіген ауылындағы қараусыз қалған жылыжай ғимаратының аумағында белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел – тергеу тобы, Талғар ауданының тұрғыны болып табылған өлтірілген адамның жеке басын анықтап, “ізін суытпай” күдікті-ОҚО тумасы, белгілі мекен-тұрағы жоқ Е. есімді ер адамды ұстады.

– Ұсталған азамат ауыр қылмыс жасағанын толық мойындап, 27 маусым күні кешке осы ауылдың орталық базарында жәбірленушімен танысқанын жеткізді. Спирттік ішімдіктерді сатып алған екеуі қараусыз қалған жылыжайдың аумағына аттанып, ішімдік ішу барысында жанжалдасқан. Жанжал барысында күдікті кірпіштің сынығымен жәбірленушіні екі рет желкесінен ұрған. Нәтижесінде, жәбірленуші есінен танып, қайтыс болған. Ол жауапкершіліктен қашпақ болды, алайда оны тәртіп сақшылары дер кезінде қолға түсірді, – дейді Іле ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Сағындықов.

Күдікті қоғамға қарсы өмір салтын жүргізген және 2012 жылы тонау үшін сотты болған. Ұсталған адам қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру