Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері бір түнде үш ұрлық жасаған ақмолалықты ұстады

Көкшетау полицейлері бір түнде үш ұрлық жасаған ақмолалықты “ізін суытпай” ұстады. Қылмыстардың бірі ЖБО бейнекамераларының объективіне түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

35 жастағы ақмолалықтың қылмыстарының “хронологиясы” 6 шілде күні таңғы сағат 04.21-де басталды. Дәл осы уақытта Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 21 жастағы жергілікті тұрғыннан ұрлық жасалғаны туралы өтініш түсті. Ваз-2114 көлік иесінің айтуынша, сағат 22.00-ден 03.30-ға дейінгі уақыт аралығында қаскүнемдер оның автокөлігінің салонына кіріп, 30 мың теңгеге жеке мүлкін ұрлаған.

Жедел-тергеу тобы жеңіл автокөлікті, сондай-ақ жақын маңдағы аумақты мұқият қарап шықты, оқиға орнынан криминалист-сарапшылар саусақ іздерін алды. Алғашқы материалдардан кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кірісті.

Біраз уақыттан кейін, сағат 11.15 шамасында полицияға ұрлық орын алғаны туралы тағы бір өтініш келіп түсті. Өтініш беруші белгісіз біреулер оның құны 64 мың теңге тұратын Focus велосипедін ұрлап әкеткен хабарлады. Ұры екі доңғалақты көлікті үйдің подъездіне еркін кіріп, қолды еткен, ал бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер еден алаңында болған белгісіз ер адамды анықтады.

Осы уақытта жедел бақылау орталығының бейнебақылау инспекторлары ұрлық жасалған ауданда орнатылған камералардан жазбаларға мониторинг жүргізді. ЖБО қызметкерлерінің тыңғылықты жұмысы оң нәтиже берді: бейнекамералардың біріне белгісіз адам ұрланған велосипедке ұқсас велосипедке мініп кетіп бара жатқаны тіркелді. Ақпарат дереу арада патрульдік полиция жасақшаларына және жедел уәкілдерге жолданды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Көкшетау полицейлері Зеренді ауданының 35 жастағы тұрғынын “ізін суытпай” ұстады. Кейін ол бір күнде жасалған үш ұрлыққа қатысы бары анықталды. Полицейлер анықтағандай, ауыл тұрғыны облыс орталығының тұрғынына тиесілі Volkswagen Passat автокөлігінің терезесін сындырып, салоннан күн көзілдірігін ұрлап әкеткен.

Барлық үш факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық), ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Айыпталушы тергеу кезеңінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, ер адам бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру