Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғыны әйелін өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Көкшетау тұрғыны әйелін өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны мас күйінде әйелін өлтірген.

Қылмыс 2022 жылдың ақпан айында Көкшетау қаласында болған. Екі баланың анасы белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесуі кезінде қызғанышқа толы күйеуі әйелге пышақпен іш аймағына кесіп-шаншып енген жарақат салған. Алған жарақаттың салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қаскүнем қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі сот сараптамасының көмегімен дәлелденді.

Қазіргі уақытта айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айырылып, қамалды.

Бұдан басқа, ол зардап шеккен тарапқа бес миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге тиіс болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру