Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында зейнеткер елорда тұрғынына пышақ жарақатын салған

Ақмола облысында зейнеткер елорда тұрғынына пышақ жарақатын салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда Целиноград аудандық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының ЖБО жедел кезекшісінен елордалық ауруханаға “іш қуысының кесіп-шаншып енген жарасы” диагнозымен елордалық тұрғын жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Зардап шегуші Целиноград ауданының Қараөткел ауылынан жеткізілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 52 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салды деген күдікпен 71 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Қарт адам жасаған ісін мойындады.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру