Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жоғалған 17 жастағы ақмолалық қызды елордадан тапты

Полицейлер жоғалған 17 жастағы ақмолалық қызды елордадан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамызда Зеренді АПБ полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті, ол 1 тамызда оның 17 жастағы студент қызы Көкшетау қаласына тұру үшін пәтер іздеп кеткенін, ал кейін байланысқа шығуды тоқтатқанын хабарлады. Анасының айтуынша, ол соңғы рет қызымен 5 тамызда сөйлескен. 

Кәмелетке толмаған қыз баланың бұған дейін үйден өз еркімен кетпегені анықталды.

Сонымен қатар, бойжеткеннің “Екі және одан да көп рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар” санаты бойынша есепте тұрғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларына кірісті. Қыздың суреті мен белгілері бар бағдарлар Ақмола және көршілес облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының барлық аумақтық полиция бөлімдеріне жіберілді. Жоғалған қыздың орналасқан жерін анықтау үшін Зеренді АПБ және Көкшетау қаласы ПБ ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлерінен арнайы іздестіру топтары құрылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жоғалған бойжеткен 7 тамызда Нұр-Сұлтан қаласынан 22 жастағы досымен бірге жалдамалы пәтерден табылды.
Жастар елорда аумағында әлеуметтік желілерде пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландыру орналастырғаны анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің санын полиция белгілеуде.
Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы “Кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Одан әрі тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру