Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар тұрғыны азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазды

Павлодар тұрғыны азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылы Павлодар облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 53 қылмыс жасалған, бұл барлық тіркелген қылмыстардың 2,7 пайызын құрайды. “102” операторының пультіне отбасылық сипаттағы 5132 өтініш түсіп, оның ішінде 3 135 отбасылық ұрыс-керіс әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жыл басынан бері отбасылық жанжалдарға қатысты 3 652 қорғау ұйғарымы шығарылып, бұзғаны үшін 335 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 456 адамға арнайы талаптар белгіленді, оның ішінде алкогольдік өнімдерді тұтынуға тыйым салу – 448 тәртіп бұзушы. 221 адам алкогольдік және нашақорлықпен ауыратындар мәжбүрлеп емдеуге сотталды. Күнделікті өмірде орын алатын қылмыстардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар бойынша бірнеше рет қоңыраулар түскен отбасылардың тұрғылықты жерлерін тексеру мақсатында полицейлер рейдтік іс-шараларды да жүргізуде, – деді полицияда.

Мәселен, Павлодар қаласының 59 жастағы тұрғыны “102” операторының пультіне жүгінді. Оның айтуынша, бірге тұратын ер адам ішімдік ішіп, оның үстінен балағат сөздер айтып, тыныштығын бұзған.

Қазіргі уақытта полицейлер материал жинап, құқық бұзушы мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

Осындай қоңырау күйеуінің үстінен шағымданған 31 жастағы әйелден де түскен. 55 жастағы ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Полицейлер жұбайымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Бүгінгі күнге дейін аталған мекенжай бойынша қорғау нұсқаулығын бұзу және күйеуінің мінез-құлқына шағымдар түскен жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру