Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда көрші облыстан келген екі жігіт есірткіні жасырумен айналысқан

Көкшетауда екі жігіт көрші облыстан келіп, есірткіні жасырумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2022” республикалық операциясы шеңберінде облыс аумағында синтетикалық есірткілердің салушыларын анықтау және олардың құқыққа қарсы қызметінің жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Көкшетау қаласы бойынша рейд барысында есірткімен күрес бөлімінің жедел қызметкерлері көрші облыстан есірткі заттарын салу үшін арнайы келген 19 жастағы екі есірткі курьерін ұстады.

Тінту барысында жігіттердің бірінен құрамы ақ түсті, ұнтақ тәрізді консистенциялы шамамен салмағы 10,5 грамм мефедрон психотроптық заты, қызыл түсті изолентамен оралған 21 ziplok қалташасы, сондай-ақ хат алмасулар мен есірткі заттарының геолокацияларының белгілері бар телефондар табылып, тәркіленді.

Телефондарда көрсетілген жерлер бойынша өтіп, орман алқабы арасынан құрамында ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар қызыл түсті изолентамен оралған 3 түйіншек (жалпы салмағы шамамен 1,5 грамм болатын мефедрон психотроптық заты болуы мүмкін) табылып, тәркіленді.

Жігіттердің біріне қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау), екінші ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (Аз мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру