Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда ойын-сауық кешенінің әкімшісі көшеде қоқыс лақтырғаны үшін жауапқа тартылды

Көкшетауда ойын-сауық кешенінің әкімшісі көшеде қоқыс лақтырғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен түнде Көкшетау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері мониторинг барысында облыстық орталықтың ойын-сауық мекемелерінің бірінің қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде қоқыс шығару фактісін анықтады.

Ойын-сауық кешенінің жұмысы аяқталғаннан кейін шамамен сағат 04:20 мекеме қызметкерлері тұрмыстық қоқыс салынған пакеттерді ғимараттың артында қалдырды. Құқық бұзушылық орнына Көкшетау қаласы ПБ батальонының экипажы жіберілді.

Кешен әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігі бойынша (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Мекеме әкімшілігімен мұндай фактілерге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру