Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік басқару құқығы жоқ жүргізуші мас күйінде ұсталды

Ақтөбе облысында бұрын жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші мас халде тағы да ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада Шалқар қаласында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында патрульдік полиция қызметкерлері 51 жастағы жүргізушінің басқаруымен “УАЗ” автокөлігін тоқтатты. Ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған, көлікті “орташа” мас күйінде басқарған. Жүргізуші Шалқар ПБ УҰИ-не қамалды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойламаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру