Жамбылдық тәртіп сақшылары белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға көмек көрсетуде
Жамбылдық полицейлер суық ауа райы жағдайында барар жері жоқ адамдарға көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты жамбылдық тәртіп сақшылары белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға көмек көрсету шараларын күшейтті.
Жамбыл полицейлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың үсіп қалу және қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін аумақта бірқатар алдын алу іс-шараларын өткізді.
– Облыстың кейбір әлсіз топ өкілдеріне қатысты көмек көрсету қажеттілігі туындап отыр. Олар суық ауа райы жағдайында назар аударуды қажет етеді, – деді ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрімов.
Осылайша, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар көп жиналатын жерлерде нақты жұмыс істеудің, сондай-ақ ІІО бастамасы бойынша спирттік ішімдіктерді тұтыну орындарын анықтау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде есепті кезеңде алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне 95 маскүнем және 21 нашақор жіберілді.
Бүгінгі күні облыс орталығы Тараз қаласында жалпы саны 40 орындық уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы жұмыс істейді, Шу және Талас аудандарында 10 орындық осындай орталықтарды ашу үшін Жамбыл облысының әкімдігіне хат жолданды.
– Біз көшеде қандай да бір себептермен адасып немесе баспанасыз қалған адамдарға уақтылы көмек көрсетеміз, ауа-райының нашарлауына және ауа температурасының төмендеуіне байланысты оның салдары қайғылы оқиғаға ұласуы мүмкін, – деп толықтырды полиция қызметкерлері.
Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Полицейлер жамбылдықтарды көшеде немесе басқа жерлерде түнейтін адамдар туралы хабарлауға шақырады.