Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік иелеріне онлайн көмек көрсетілді

Карантин уақытында Алматы облысының жүргізушілері мен көлік иелеріне онлайн қызмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде тұрғындарға онлайн қызмет көрсетті. Электронды Үкімет жүйесі арқылы 500 астам тұлға жүргізуші куәлігін ауыстыруға тапсырыс беріп, жаңартып алған.

“Алматы облысы аумағында 527 тұрғын өздерінің бұрынғы жүргізуші куәліктерін жаңартуға онлайн тапсырыс берді. Оларға қашықтан қызмет көрсетіліп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы табысталды. Былтырғы жылдың осы кезеңінде 15 мыңнан астам тұрғын аталған қызметті пайдаланғанын ескерсек, тапсырыс бергендер саны 96,5 % төмендеген”, – деп хабарлады Алматы облысы ПД әкімшілік Полиция басқармасы процессингтік орталығының басшысы Нұрболат Алтаев.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес карантин кезінде темір тұлпарларын сату және сатып алу көрсеткіші де төмендеген. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде 145 көліктің саудасы рәсімделген. Былтырғы жылмен салыстырғанда көліктерді сату және сатып алу көрсеткіші де 90 пайыз азайғанын көрсетеді.

Алматы облысының тәртіп сақшылары тұрғындардың көліктерін сатуға және басқа көлікті сатып алуға, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін ауыстыруға интернет желісі арқылы тапсырыс беруге және мемлекеттік қызметті еш қиындықсыз алуға болатын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру